Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Астанада Рәміздер күні қарсаңында 34 сәби дүниеге келді

4 Маусым 2025, 13:36
1670
Бөлісу:
 Артём Чурсинов
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Елордада Рәміздер күні қарсаңында 34 сәби дүниеге келді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәдениет және ақпарат министрлігі, "Геральдикалық зерттеу орталығының" ұйымдастыруымен Астанадағы №3  көпбейінді қалалық аурухананың акушерлік блогында сәбилердің аналарына құрмет көрсетілді. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның атынан құттықтау хаттарды Геральдика орталығы директорының міндетін атқарушы Шерхан Талап табыстады. Аналардың құшақтары гүлге толтырылып, естелік сыйлықтар берілді.

Астанада Рәміздер күні қарсаңында 34 сәби дүниеге келді

Айта кетерлігі, дүние есігін ашқан 34 баланың 17-сі – ұл, 17-сі – қыз бала.

Астанада Рәміздер күні қарсаңында 34 сәби дүниеге келді

Іс-шараға министрлік өкілдері мен Еңбек сіңірген қайраткер, әнші Светлана Айтбаева арнайы қатысты.

Астанада Рәміздер күні қарсаңында 34 сәби дүниеге келді

Бүгін өте әсерлі сәтке куә болдық. Еліміз, Отанымыз үшін маңызды мереке – Рәміздер күні қарсаңында ырымдап қазаққа қызмет ететін балалары дүниеге келген аналарды құттықтадық. Бір қуантатыны – аналардың жүздері жарқын, көңілдері тоқ. Төртінші, бесінші бөпелерін дүниеге әкеліп жатыр. Бұл дегеніміз ұлтымыздың өсетінін, ертеңіміздің, болашағымыздың ұзақ болатынының көрінісі деп санаймын. Ұрпақтарымыз ғұмырлы болсын! Орны ерекше мереке құтты болсын!, – деді Светлана Айтбаева.

Астанада Рәміздер күні қарсаңында 34 сәби дүниеге келді

Айта кетерлігі, Светлана Айтбаева да өз атынан жас аналарға сыйлық ұсынып, Димаш Құдайбергеннің қолтаңбасы қойылған суреттерді сыйға тартты.

Астанада Рәміздер күні қарсаңында 34 сәби дүниеге келді

 

Үшінші сәбиін дүниеге әкелген жас ана ырымдап ұлының есімін Дінмұхаммед деп қойған.

Мемлекеттік рәміздерге деген құрмет – Отанға деген сүйіспеншіліктің көрінісі. Ал бұл қасиет әр азаматтың бойына тал бесіктен бастап даруы қажет.

Астанада Рәміздер күні қарсаңында 34 сәби дүниеге келді
Өзгелердің жаңалығы