Астанада қызмет бабында қаза тапқан құтқарушыларды еске алды

18 Қазан 2023, 17:26
828
Бөлісу:
Астанада қызмет бабында қаза тапқан құтқарушыларды еске алды
Фото: автордан

Бүгін Астанада Құтқарушылар күніне орай қызмет бабында қаза тапқан сарбаздарды еске алу іс-шарасы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Біз жастарға батырларымыздың ерлігін насихаттап, жеткізуіміз керек. Біздің болашағымыз жастарда екенін анық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев біздің саламызға ерекше көңіл бөліп отыр. Бүгінгі таңда министрлікке талап көбейді. Сол себепті уақытылы көмек көрсетіп, жан-жақты жұмыс істеуіміз керек, - деді министр.

Астанада қызмет бабында қаза тапқан құтқарушыларды еске алды

Сондай-ақ Шәріпханов биыл құтқарушыларымыз бірнеше рет шетел асқанын, Түркия мен Ауған еліндегі жер сілкінісі кезінде міндеттерін абыроймен атқарғанын айтты.

Астанада қызмет бабында қаза тапқан құтқарушыларды еске алды

Орталық ардагерлер ұйымы төрағасының орынбасары Дәурен Данаев келе жатқан құтқарушылар мерекесімен құттықтап, айтулы күннің маңызын атап өтті.

Бүгінгі айтулы іс-шараның маңызы зор. Біз ерлікпен қаза тапқан құтқарушыларымызға тағзым етіп, гүл шоғын қойды. Онымен қоса, өрт сөндірушілердің қатарына қосылған жас сарбаздардың антын қабылдадық. Өздеріңізге мәлім, 19 қазан - құтқарушылар күні. Біздің қатарымызда ардагерлерімізде бар, олардың кейбірі бүгінге дейін жұмыс істейді. Бүгінгі іс-шарада министрлік өкілдері, жас сарбаздар мен ардагерлеріміздің басы қосылып отыр, - деді Дәурен Данаев.

Астанада қызмет бабында қаза тапқан құтқарушыларды еске алды

Іс-шарада 42 жас қызметкер ант қабылдап, құтқарушылардың қатарын толықтырды. Ол салада өрт сөндірушілер мен құтқарушылар жетіспейтінін айтты.

Офицерлік лауазымдарды академия ғана толықтырып жатыр.  Бізде өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың жетіспеушілігі байқалады. Мұның себебі бұл қызмет - психолгиялық жағынан, жұмыс жағынан қиын. Ал негізісі себебі қаражат жағдайы. Бүгінгі таңда жалақы мәселесі үкіметтің қарауында. Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі үкіметке қажетті талаптарын қойды, - деді Данаев.

Астанада қызмет бабында қаза тапқан құтқарушыларды еске алды
Астанада қызмет бабында қаза тапқан құтқарушыларды еске алды

 

Өзгелердің жаңалығы