Елордада 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай конкурдан қыздар арасында ашық біріншілік өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Астана, Қарағанды, Алматы, Ақмола облыстарынан келген шабандоздар 8 наурызда «Арғымақ» ат-сауықтыру спорт кешенінде үздіктерді анықтайды.
Байқауға қатысушылар биіктігі мен күрделілігі бойынша 4 бағытта жарысады:
Бірінші санат – «Әуесқойлар санаты, 105 см»;
Екінші санат – «Балалар санаты 12-15 жас, 110 см»;
Үшінші санат – «Ашық сынып санаты, 120 см»;
Төртінші санат – «Екі кезеңнен тұратын ашық санаты, 120 см»
Жарыстың жалпы жүлде қоры 6 000 000 теңге.
Іс-шара қала әкімдігі қолдауымен және Ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлері федерациясының ұйымдастыруымен өтеді.