Астана қаласында жөндеу жұмысына байлагысты Құдайбердіұлы – Бурабай көшелерінің қиылысы жабылады, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
«Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ «Оңтүстік-Шығыс (сол жағы) тұрғын алабы көшелерін салу және реконструкциялау» жобасын іске асыруда.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Астана қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша Құдайбердіұлы – Бурабай көшелерінің қиылысында инженерлік желілерді орнату жұмысы басталды.
Осыған байланысты осы жылдың 25 наурызы мен 10 сәуірі аралығында аталмыш көшелердің қиылысында көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады.
Сол сияқты жол-құрылыс жұмысын жүргізу кезеңінде №13, 47 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгертілді.
Өзгертілген қозғалыс схемасымен суреттен таныс бола аласыздар.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.