Астанада қоғамдық көлікте жолақы төлеудің тағы бір әдісі пайда болды

22 Ақпан 2024, 06:42
479
Бөлісу:
Астанада қоғамдық көлікте жолақы төлеудің тағы бір әдісі пайда болды
Фото: архив

Avtobys мобильді қосымшасымен жолақыны автобустың борт (гараждық) нөмірі арқылы төлеуге болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астана қаласының әкімдігі бұл тәсіл несімен ыңғайлы екенін айтты.

Бұл тәсіл несімен ыңғайлы?

QR-кодты сканерлемей-ақ, қашықтан көлік кодын енгізу арқылы төлем жасау;

Жақындарыңыздың Сіз үшін қашықтан төлем жасап беру мүмкіндігі бар, яғни ол үшін көлік кодын айтсаңыз болды.

Жақындарыңыз төлем жасап, Сізге электрондық билетті мессенджер арқылы жібере алады.

Автобустың борт нөмірі арқылы төлеу үшін:

Avtobys мобильді қосымшасында "Борт нөмірі" бөліміне өтіңіз;

Автобустағы QR-код жапсырмасының үстінде немесе валидаторында көрсетілген нөмірді енгізіңіз;

Төлем жасау тәсілін таңдаңыз;

Төлемді растаңыз.

Бұл жерде төлем Avtobys қосымшасының теңгерімінен немесе банк картасынан (банк картасы қосымшаға тіркелген болса) алынады.

Қосымшаның теңгерімін QIWI, kassa24 төлем терминалдары, интернет-банкингтер арқылы толтыруға болады.

Осылайша, елорданың қоғамдық көлігінде жолақыны көлік картасымен, QR-код сканерлеу, «Avtobys» мобильді қосымшасында Bluetooth және автобустың борт нөмірін енгізу арқылы екінші деңгейлі банктердің картасымен төлеуге болады.

Өзгелердің жаңалығы