Астанада қоғамдық көлікте тегін жүре алатын азаматтардың тізімі кеңейтілді

7 Қаңтар 2023, 18:46
1637
Бөлісу:
Астанада қоғамдық көлікте тегін жүре алатын азаматтардың тізімі кеңейтілді

2023 жылдың қаңтар айынан бастап елордада қоғамдық көлікте жол ақысын төлеуден босатылатын азаматтардың жеңілдетілген санаттарының саны артты, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайты CTS-ке сілтеме жасап.

Жыл басынан бері Астана қаласында тіркелген және тұрақты тұратын, қалалық жолаушылар көлігі маршруттарында жол ақысын төлеуден босату түрінде әлеуметтік көмек ала алатын азаматтар санаттарының тізімі кеңейді.

Енді бұл жеңілдікті "Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын оңалту туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен ақталған 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Қазақстандағы оқиғаларға қатысушылар қатарынан саяси қуғын-сүргін құрбандары да ала алады.

Сондай-ақ, қалалық маршруттарда тегін жүре алады:

1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар;

2) жасы және еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткерлер, сондай-ақ жасы бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша зейнеткерлік жасқа толған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар;

3) көп балалы аналар;

4) көпбалалы отбасылар;

5) мүгедектігі бар адамдар;

6) он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар, оның ішінде ата-аналарының

бірі (заңды өкілдері);

7) "Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын оңалту туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен ақталған 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Қазақстандағы оқиғаларға қатысушылар қатарынан саяси қуғын-сүргін құрбандары.

Жеңілдікті көлік картасын Орталық кассада (Қошқарбаев даңғылы 50/1 мекенжайы бойынша) ресімдеуге немесе cts.gov.kz сайтында онлайн өтінім беруге болады.

Жеңілдікті картаны сатып алмас бұрын нақтылау үшін IKomek бірыңғай байланыс орталығына 109 нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың наурыз айынан бастап елорданың барлық кәмелетке толмаған тұрғындары қоғамдық көлікте жол ақысын төлеуден босатылды.

Өзгелердің жаңалығы