Астанада «Қажымұқан жолы» турнирі өтеді

9 Желтоқсан 2023, 08:37
556
Бөлісу:
Астанада «Қажымұқан жолы» турнирі өтеді
Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі

Алдағы демалыс күні Астанадағы QAZAQSTAN жеңіл атлетика спорт кешенінде «Қажымұқан жолы» турнирі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Оған қатысушылар Қажымұқан белбеуі үшін күштік тәртіпте күресетін болады. «Қажымұқан жолы» ұлттық спорттық жобасының авторы және бастамашысы – атақты палуан және Гиннестің рекордтар кітабының рекордшысы Сергей Цырульников. Турнирге қатысушылар «Қажымұқан» белбеуі үшін күреспек.

Жанкүйерлер үшін кіру тегін. Турнир 10 желтоқсан күні сағат 17:00-де «QAZAQSTAN» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде басталады.

Өзгелердің жаңалығы