Астанада Қазақстан-Ресей сарапшылар кеңесінің отырысы өтті

Бөлісу:
Астанада Қазақстан-Ресей сарапшылар кеңесінің отырысы өтті
Фото: Видеодан скрин

Онда екі ел арасындағы сауда-экономикалық, гуманитарлық, энергетикалық және өзге де салалардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Маңызды шара Ресей президентінің елімізге сапарына орай ұйымдастырылып отыр. Сарапшылар экономикалық ынтымақтастықтың негізгі бағыттары, бірлесе отырып дамытатын салалар, энергия көздерін қолданудағы бірлескен шешімдер жайында өзара пікір алмасты. 

Қазақстан Республикасы жанындағы саяси зерттеулер институты Азиялық зерттеулер бөлімінің басшысы Айдар Құрмашевтың пікірінше, бұл кеңес бүгінгі күні өзінің өзектілігін анық көрсетіп отыр. Қазіргі уақытта Қазақстан көпвекторлы саясатты жүргізуде. 

Дегенмен, біздің негізгі әріптестеріміз – Қытай, Ресей және Еуропалық одақ. Сондықтан Ресей президентінің келуі Қазақстан экономикасының дамуына және президентпен қойылған белгілі бір мақсаттарға жетуге мүмкіндік береді.

Әрине ең бірінші жәйт – экономикадағы шикізаттық емес секторды дамыту. Президент өз жолдауларында айтқандай, қазіргі таңда Қазақстан шикізатты тасымалдау ғана емес, сонымен қатар, транзиттік жолдарды, өнеркәсіпті дамыту мүмкіндіктерін ашып отыр. Сондықтан қазір Ресейлік болсын, қандай да бір болсын инвестицияларды тартуда ең біріншіден осындай мақсат қойып отырмыз. Сарапшылар арасында қандай жаңа мүмкіндіктер бар, мысалға цифрлық, креативті экономиканы дамыту кезінде біздің халқымызға, кіші және орта бизнесімізге қандай мүмкіндіктер ашылады, сол мәселелер көтеріледі деген ойдамыз. Бұл кеңесте Қазақстан мен Ресейдің ең басты талдамалық орталықтардың мүшелері келіп отыр. Олардың айтқаны және осы кеңестің қорытындысы бойынша жеткізілетін ақпарат мемлекет басшыларына жетеді деген ойдамыз, - деді Айдар Құрмашев.

Өзгелердің жаңалығы