Қазақстан Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов пен Словак Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қорғаныс министрі Роберт Калиняк әскери білім беру мен бітімгерлік қызмет саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Словакия қорғаныс ведомствосы делегациясының Қазақстанға жұмыс сапары аясында Ішкі істер, Төтенше жағдайлар, Өнеркәсіп және құрылыс министрліктерінде кездесулер жоспарланған.