Астанада қатты аязда сегіз жастағы бала жоғалып кетті

Астананың шетіндегі «Көктал» саябағында сегіз жастағы ұл бала жоғалып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

16 Ақпан 2024 2024, 23:17
АВТОР
 BAQ.KZ архив 16 Ақпан 2024 2024, 23:17
16 Ақпан 2024 2024, 23:17
1244
Фото: BAQ.KZ архив

Астананың шетіндегі «Көктал» саябағында сегіз жастағы ұл бала жоғалып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Полицияның мәліметінше, бала заманауи цифрлық технологиялардың арқасында табылған.

Көктал паркінде орналасқан SOS дабыл тетігіне бала жүгініп, өзінің адасып кеткенін айтты. Қоңырау бірден Шұғыл басқару орталығының полиция қызметкерлеріне қосылды. Орнатылған бейнекамераның көмегімен автоматты түрде барлық деректер жазылып, хабарламаға шұғыл әрекет етуге жол ашты. Шақырту қабылданып, бірден іске кірістік. Оқиға орнына патрульдік полицияның автопатрулі жіберілді, - делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, тәртіп сақшылары сегіз жастағы баланы үйіне дейін жеткізіп салып, ата-анасының қолына табыстады.

Наверх