Астанада қарлы боран: құтқарушылар үндеу жасады

Бүгiн, 00:13
226
Бөлісу:
Астанада қарлы боран: құтқарушылар үндеу жасады
Фото: архив

Астана қаласында ертеең, 11 наурыз күні кей уақыттарда қар, бұрқасын, көктайғақ болады. Осыған байланысты елорда құтқарушылары үндеу жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде және таңертең екпіні 15-18 м/с болуы мүмкін.

Астана әкімдігінің мәліметінше, осыған орай, Астана қаласы ТЖД қатты жел және бұрқасын кезінде жарақат алмау үшін азаматтарға қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:

  • "112" құтқару қызметінен ауа райының нашарлауына байланысты дауылды ескерту туралы SMS-хабарлама алған кезде оларға назар аударыңыз;
  • Ауа райы жағдайы мен автожолдардағы көлік қозғалысының шектеулері туралы ақпаратты назарда ұстаңыз;
  • Дауылды ескерту жариялаған кезде, әсіресе қараңғы уақытта алыс жерлерге сапарға шықпаңыз, жаяу жүрмеңіз;
  • Қыс мезгілінде сақтық шараларын сақтаңыз;
  • Жеке көлікпен жолға шықпаңыз. Егер қажет болса, қоғамдық көлікті пайдаланыңыз және маршрутыңызды алдын ала жоспарлаңыз;
  • Көшеде абай болыңыз. Боран мен жел көрінуді қиындатуы мүмкін, жолдар тайғақ болады. Жылы киім, тайғақтан қорғайтын аяқ киім киіңіз;
  • Жылыту жүйесін тексеріңіз. Үйіңізде жылыту дұрыс жұмыс істейтініне және отын жеткілікті екеніне көз жеткізіңіз;
  • Көшеде ұзақ тұрмаңыз – аяз бен жел үсік шалуға себеп болуы мүмкін.
  • Төтенше жағдайлар туындаған кезде "101" және "112" нөміріне хабарласыңыздар!
Өзгелердің жаңалығы