Астанада қарақшылық жасаған шетелдік Испанияда ұсталды

24 Қыркүйек 2024, 08:55
252
Бөлісу:
Астанада қарақшылық жасаған шетелдік Испанияда ұсталды
Фото: Арман Мухатов -архив

Астанада қарақшылық жасаған шетелдік Испанияда қолға түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ішкі істер министрлігінің Телеграм-арнасында тараған мәліметке сәйкес, Аликанте қаласында Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық бюросының сұрауы бойынша елорда аумағында қарақшылық жасағаны үшін халықаралық іздеуге жарияланған Ресей азаматы ұсталды.

2016 жылы ер адам топ құрамында үйге заңсыз кіріп, зорлық-зомбылықпен жалпы сомасы 4 млн теңгеден астам мүлікті иемденген.

Қазіргі уақытта ұсталған адам қамауда. Оны елге жеткізу мәселесі шешілуде.

Өзгелердің жаңалығы