Астанада қар тазалауға 500 жолшы мен 600 арнайы техника жұмылдырылды

Қар тазалау жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатыр. Алдағы күндері елордада қар мен бұрқасын күтіледі.

 Астана қаласының әкімдігі 28 Қараша 2026, 09:21
28 Қараша 2026, 09:21
53
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Елордада түнгі уақытта қар тазалау жұмыстарына шамамен 500 жол жұмысшысы мен 600 арнайы техника шығарылды. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі хабарлады.

Коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Алдымен негізгі көшелер мен қоғамдық көлік бағыттары тазаланады. Одан кейін көлік қозғалысы орташа қарқынды учаскелерде, аулаларда, алаңдарда, тротуарлар мен аялдамаларда тазалық жұмыстары жүргізіледі.

Қалада қар тазалау жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатыр, – деп мәлімдеді әкімдік.

Қала билігі тұрғындар мен қонақтарды жолдар мен тротуарларда мұқият болуға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және сапарларын жоспарлау кезінде ауа райы жағдайын ескеруге шақырды.

Ал синоптиктер алдағы күндері тағы да қар жауып, көктайғақ пен бұрқасын болатынын ескертеді. Желдің екпіні секундына 20–23 метрге дейін жетуі мүмкін. Ауа температурасы -5...-13 градус аралығында болады деп болжанып отыр.

Наверх