Астанада қар тазалауға 1500-ден аса арнайы техника жұмылдырылды

Елорданың коммуналдық қызметі тәулік бойы күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда. 18 қаңтар күні қар тазалау жұмыстарына 2 500-ден аса жол жұмысшысы жұмылдырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

 Елорда әкімдігі 18 Қаңтар 2024 2024, 19:11
18 Қаңтар 2024 2024, 19:11
855
Фото: Елорда әкімдігі

Елорданың коммуналдық қызметі тәулік бойы күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда. 18 қаңтар күні қар тазалау жұмыстарына 2 500-ден аса жол жұмысшысы жұмылдырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қаланы қар мен мұздан тазарту бойынша күндізгі ауысымға 2 512 жол жұмысшысы және 1 500-ден аса арнайы техника шықты.

18 қаңтарға қараған түні коммуналдық қызмет мамандары елордадан 50 мың текше метрден аса қар шығарды, бұл 3 626 ауыр жүк көлеміне тең.

Қыс мезгілінің басынан бері қар полигондарына 168 825 рейс, 2,3 млн текше метрден аса қар шығарылды.

Айта кетсек, Астанада бірнеше қар полигоны жұмыс істейді. Олардың барлығы самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен, бейнебақылаумен және жарықтандырумен жабдықталған.

Наверх