Елорданың коммуналдық қызметкерлері тәулік бойы жұмыс істеп, қала көшелерін қардан тазартуда, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
400-ге жуық жол жұмысшысы мен 1200-ден астам арнайы техника көшелерді түнгі уақытта қардан тазартуға жұмылдырылды.
Ең алдымен, ережелерге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін өте қарқынды қозғалыс аймақтары тазартылады. Сондай - ақ орташа қозғалыс қарқындылығы бар учаскелер-алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т. б. қардан тазартылады.
6 қаңтар күні Астанада 3131 жүк рейсін құрайтын 50 мың текше метрден астам қар шығарылды.
Қыс мезгілінің басынан бастап елордада 1 400 000 текше метрден астам қар шығарылды, бұл 100 мыңға жуық ауыр жүк рейсін құрайды.
"Қазгидромет" РМК деректері бойынша, Астанада 7 қаңтарда ауыспалы бұлт шығып, кейде қар жауып, боран болады деп күтілуде. Оңтүстік - шығыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14 м / с-ті құрайды. Ауа температурасы түнде 5-7, күндіз 0-2 градус аяз болады деп болжанды.