Қыс мезгілінің басынан бері коммуналдық қызметтер елорданың көшелері мен алаңдарынан 831 мың текше метрден астам қар шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жұмыстар тәулік бойы үздіксіз режимде жүргізілуде, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
3-інен 4 желтоқсанға қараған түнде қар полигондарына 169 рейс, яғни 1 828 текше метр қар шығарылды.
4 желтоқсандағы күндізгі ауысымда қар тазалау жұмыстарында 2,7 мыңнан астам жол жұмысшысы және мыңға жуық арнайы техника жұмыс істейді.
Қыс мезгілінің басынан бері қаладан 65 мыңға жуық рейспен 831 мың текше метрден астам қар шығарылды.
Ережеге сәйкес, ең алдымен, қалада кептеліс болмас үшін өте қарқынды қозғалыс учаскелері тазаланады. Сондай-ақ орташа қарқындылығы бар учаскелер-алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т. б. орындар қардан тазартылады.
Орталық көшелерде, жолаушылар көлігі маршруттарында, аялдамалар мен тротуарларда тазалау басымдыққа ие.
Елордада бірнеше жабдықталған қар полигоны жұмыс істейді. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылған, жарықтандыру қосылған.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарлардан бас тартуды сұрайды.
Төтенше жағдай туындаған кезде «112» телефонына хабарласыңыз.