Қаланың коммуналдық қызметтері ауысымдық режимде тәулік бойы күшейтілген тәртіпте жұмыс істеп жатыр. Қар тазалау үздіксіз жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігіне сілтеме жасап.
7 қарашада түнгі ауысымға қала көшелерін қардан тазартуға 200-ге жуық жол жұмысшы мен 300-ден астам арнайы техника шықты.
Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы қарқынды тұстар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. қардан тазартылады, - деп жазылған әкімдік хабарламасында.
Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.
«Қазгидромет» РМК деректері бойынша, 8 қарашада Астанада көшпелі бұлт, қар, боран болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы – 9-14 м/с, екпіні – 15-20 м/с.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз. Төтенше жағдай туындаған кезде «112» телефонына хабарласыңыз, - деп жазды әкімдіктен.