Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Астанада қар күреуге 2700-ден астам жол жұмысшы жұмылдырылды

21 Қаңтар 2025, 14:25
777
Бөлісу:
 Елорда әкімдігі
PHOTO
Фото: Елорда әкімдігі

Елордада екі күннен бері қалың қар жауып тұр. Коммуналдық қызметтер тәулік бойы қар күреу жұмысын үздіксіз жүргізіп жатыр, BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

21 қаңтар күні таңертеңнен бері қар күреу жұмысына 2700-ден астам жол жұмысшы мен 1600-ден астам арнайы техника жұмылдырылды.

Астанада қар күреуге 2700-ден астам жол жұмысшы жұмылдырылды

21 қаңтарға қараған түні коммуналдық қызметтер 2509 ауыр жүк көлігінің көмегімен қаладан 31 мың текше метр қар шығарды.

Жалпы, қыс мезгілі басталғалы 281 541 рейспен 3,5 миллион текше метрден астам қар шығарылды.

Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.

Астанада қар күреуге 2700-ден астам жол жұмысшы жұмылдырылды

Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.

Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.

Астанада қар күреуге 2700-ден астам жол жұмысшы жұмылдырылды

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз.

Төтенше жағдай туындаған кезде "112" нөміріне хабарласыңыз.

Өзгелердің жаңалығы