Астанада қанша көшеде жөндеу жұмысы жүргізіледі

2 Мамыр 2023, 17:46
1073
Бөлісу:
Астанада қанша көшеде жөндеу жұмысы жүргізіледі
Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында жөндеу жұмысы жүріп жатқан көшелер туралы мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Қалада жол жұмысы жүріп жатыр. Биыл жалпы ұзындығы 54 км-ден асатын 70-тен астам көшені жөндеуді жоспарлап отырмыз. Олардың бір бөлігі қаланың елді мекендерінде болмақ. Сондай-ақ, аялдама бұрылыстарын, пандустарды, тротуарларды, әлеуметтік нысандарға кірме жолдарды және т.б. жабдықтаймыз.

Бірқатар көшенің құрылыс барысымен таныстым. Олар: Тілендиев даңғылы мен Болашақ көшесі арасындағы Кенжин көшесі; Бөгенбай батыр даңғылынан Кенесары көшесіне дейінгі Жеңіс даңғылы, Ұлы дала даңғылынан Бұқар Жырау көшесіне дейінгі Еңбекшілер көшесінің құрылысы; Мәңгілік Ел даңғылынан Қайсенов көшесіне дейінгі Рысқұлов көшесі, Тілендиев даңғылы мен Бейсеков көшесі арасындағы екі деңгейлі көлік айрығы.

Жаңадан салынып жатқан аудандарға тоқталар болсам, инженерлік инфрақұрылымы мен үйлердің құрылысы біткеннен кейін ғана негізгі жолдары салынады. Оған дейін уақытша төсеммен қамтамасыз етіледі, - деді ол.

Астанада қанша көшеде жөндеу жұмысы жүргізіледі

Сонымен қатар, биыл Есіл өзені арқылы Тәуелсіздік даңғылына өтетін көпірді ашалады. 

Бұл көпір жолдардағы көлік нөпірін едәуір азайтуға мүмкіндік береді: Тәуелсіздік даңғылы, жаңа теміржол вокзалы ауданы, Қошқарбаев даңғылы, Нәжімеденов көшесі, Әзірет Сұлтан мешіті ауданы, Байтұрсынов көшесі, Қордай, Айнакөл, Момышұлы даңғылы мен сол жағалау арасында қосымша байланысты қамтамасыз етеді.

Қаладағы климаттық жағдайларды ескерер болсақ, жол жұмысының маусымы қысқа. Жолдарды сапалы етіп салуды міндеттедім. Біз сапасыз орындалған жұмыстарды қабылдамаймыз, мұндай жағдайда мердігер өз есебінен қайта жөндейтін болады», – деп жазды елорда әкімі.

Астанада қанша көшеде жөндеу жұмысы жүргізіледі
Өзгелердің жаңалығы