Астанада 25-28 қыркүйек аралығында Шәмші Қалдаяқов көшесінде көлік қозғалысы шектеледі. Шектеу Тәуелсіздік даңғылынан Арыс көпіріне дейінгі аралықта енгізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Әкімдіктің мәліметінше, аталған бөлікте жолдың үстіңгі қабаты төселіп жатыр.
Қозғалыс екі бағытта да жолдың бір жағымен қамтамасыз етіледі, - деп мәлімдеді басқармадан.
Қала тұрғындары мен қонақтарына кептелістердің алдын алу үшін маршруттарын алдын ала жоспарлау ескертілді.
Сондай-ақ әкімдік уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарауды өтінді.