Астанада Қабанбай батыр даңғылындағы учаске ішінара жабылады

6 Маусым 2024, 04:30
241
Бөлісу:
Астанада Қабанбай батыр даңғылындағы учаске ішінара жабылады
Фото: gov.kz

Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Қабанбай батыр даңғылы бойынша Хусейн Бен Талал көшесінен Жұлдыз айналымына дейінгі учаскеде жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елорда әкімдігінің ресми сайты таратқан мәліметке сәйкес, осыған байланысты, осы жылдың 5 маусымы сағат 21:00-ден бастап 6 маусымы сағат 21:00-ге дейін жоғарыда аталған учаске ішінара жабылады. Бұл ретте қозғалыс екі бағытта да тараптардың бірі бойынша жүзеге асырылатын болады.

Сонымен қатар 6 маусым сағат 21:00-ден бастап 9 маусым сағат 6:00-ге дейін жоғарыда аталған учаске толық жабылады.

Астана тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды жол-құрылыс жұмыстары жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұрайды.

Өзгелердің жаңалығы