Астанада Президент шыршасы өтті

29 Желтоқсан 2023, 12:20
1149
Бөлісу:
Астанада Президент шыршасы өтті
PHOTO
Фото: Арман Мухатов

Бүгін Астана қаласындағы «Астана опера» театрында Президент шыршасы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Шыршаға аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, оқуда, спортта жетістікке жеткен 100-ден аса бала қатысты.

Астанада Президент шыршасы өтті

Балаларға арналған түрлі қойылым, мультфильм кейіпкерлері және супер қаһармандардың қатысуымен ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды.

Астанада Президент шыршасы өтті

Мерекелік шарада Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан құттықтап, арнайы сыйлықтар табыстады. Арнайы қапшықтың ішінде балаларға арналған сөмке, айпад, энциклопедия кітаптар топтамасы және тәттілер бар.

Астанада Президент шыршасы өтті

Әр өңірден келген балалар 3 күн бойы Астананың әсем жерлерін аралап, театрдағы түрлі қойылымдарды тамашалаған.

Астанада Президент шыршасы өтті

Біздің министрліктің мақсаты еліміздегі балалардың жүзінен күлкі кетпеуін, бақытты балалық шағын қамтамасыз ету. Бүгінгі мереке әрбір баланың көңіліне үлкен қуаныш пен үміт сыйлауы керек деп ойлаймын. Мерекелік іс-шараға арнайы ерекше топтағы, көпбалалы, инклюзивті топтағы, ерекше білімді қажет ететін балалар қатысты.Бұл әр жылдағы дәстүрлі мереке. 20 өңірден әртүрлі балалар келіп отырады. Бұдан бөлек дәл осындай тізімдегі оқушылар әр облыстағы әкімдердің қатысуымен ұйымдастырылған Президент шыршасына да шақырылды, - дейді Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.

Астанада Президент шыршасы өтті

Президент шыршасын қатысып жатқан оқушылардың да көңіл-күйі ерекше.

Астанада Президент шыршасы өтті

Маған жаңа жылдық кеш қатты ұнады. Президент шыршасына алғаш рет қатысып тұрмын. Мерекелік кеште аниматорлар ұнады, сонымен қатар бізге аяз атаның берген сыйлықтарына алғыс айтамын. Мен бүгінгі кешке ән дайындап келдім, - дейді Кәусар Алмасқызы.

Астанада Президент шыршасы өтті
Астанада Президент шыршасы өтті
Өзгелердің жаңалығы