Астанада полицейлер заңсыз мигранттарды анықтады

8 Тамыз 2024, 14:53
419
Бөлісу:
Астанада полицейлер заңсыз мигранттарды анықтады
Фото: polisia.kz

Елордада көші-қон заңнамасын бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған "көші-қон" жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шара аясында құқық қорғау органдарының қызметкерлері шетелдік азаматтардың тұратын және жұмыс істейтін жерлерін, адамдар көп жиналатын орындарды, сондай-ақ мигранттарды жұмысқа тартатын компанияларды тексерді.

Тексеру нәтижесінде көші-қон заңнамасын 567-ден астам бұзушылық анықталды. Шетелдік азаматтарды жұмысқа тиісті рұқсат құжаттарынсыз тартқаны үшін жұмыс берушілерге 11 әкімшілік хаттама толтырылды. Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 18 шетелдік азамат елден шығарылды, - деп жазды Астана қаласы ПД баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы