Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Астанада пара хоккейден әлем чемпионаты өтеді

Әсел ӘБІЛБЕК
2 Қыркүйек 2025, 17:50
638
Бөлісу:
 gov.kz
Фото: gov.kz

Елордада 6-11 қыркүйек күндері пара хоккейден (B-пул) әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Байрақты бәсекеге Италия, Жапония, Швеция, Қазақстан, Франция және Финляндия құрамалары қатысады. Қорытындыда үздік екі команда A тобына жолдама алады, ал соңғы орын алған құрама C тобына түседі.

Астанада пара хоккейден әлем чемпионатын екінші рет өткізу біз үшін үлкен мәртебе. Алғашқы турнир 2023 жылы өтіп, құрамамыз 4-орынға ие болған еді. Биыл біз жақсы нәтиже көрсетіп, Паралимпиадаға жолдама алу үшін бар күшімізді саламыз, – деді Қазақстан пара хоккей федерациясының бас хатшысы Қайрат Сабиров.

Биылғы біріншіліктің ерекшелігі Милан–2026 қысқы Паралимпиада ойындарына іріктеу кезеңіне берілетін екі жолдаманың сарапқа салынуы. Іріктеу турнирі 2025 жылдың 5-10 қарашасында Норвегияның Йессхейм қаласында өтеді. Дәл осы жарыста Паралимпиадаға тікелей қатысуға мүмкіндік беретін орындар анықталады.

Өзгелердің жаңалығы