Астанада «Отбасы – бақыт мекені» конкурсының үздіктері марапатталды

Бүгiн, 08:27
162
Бөлісу:
Астанада «Отбасы – бақыт мекені» конкурсының үздіктері марапатталды
Фото: gov.kz

Астана қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасы Конституция күніне орай «Отбасы – бақыт мекені» неке және отбасы институтын нығайтуға бағытталған іс-шаралар кешенін аясында дәстүрлі отбасылық институтын насихаттау, отбасы құндылықтарын түсіндіру, отбасылық қатынастарды нығайту бойынша әлеуметтік желідегі отбасылық байқауының марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Отбасылық эстафетаға 35 жасқа дейінгі елордалық жас отбасылардан elorda_otbasy@mail.ru электрондық поштасына өтінімдер келіп түсті. Жас отбасылар Instagram желісінде өткен байқауда бақ сынады.

Жеңіске жеткен үздік 20 жеңімпаз Сабалақовтар, Исапар, Нашировтар, Заманбековтер, Құлшар, Есенжоловтар, Ермековтер, Исабай, Садықовтар, Әлжановтар, Махметовтер, Ибрагимовтар, Жүнісбаевтар, Байсейітовтер, Ембергеновтер, Әбіт, Айтпаевтар, Досмағамбетовтер отбасына 25 мың теңгеден сертификаттар, дипломдар, арнайы гүл шоқтары, мүсіншелер табысталды.

Әлеуметтік желідегі отбасылық байқаудың марапаттау салтанаты Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Самат Ибраев, Астана қаласы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Назгүл Мақжанова, Астана қаласының Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері – Сания Ирсалиева, Клара Өмірзахова, Ата-ана мен мектеп байланысы жөнінде сарапшысы, «Tolyq Adam» Оқыту орталығының жетекшісі Шерхан Арапбай секілді т.б. қатысуымен өтті.

Алдағы уақытты «Отбасы – бақыт мекені» неке және отбасы институтын нығайтуға бағытталған іс-шаралар кешенінде жас отбасылар арасында мәдениет, ұлттық дәстүрлер мен адамгершілік құндылықтар негізінде неке және отбасы институтын нығайтуға бағытталған «Үздік жас отбасы-2024» конкурсына қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Белсенді жас отбасылар жоба соңында бағалы және пайдалы сыйлықтармен марапатталады.

Өзгелердің жаңалығы