Астанада өртенген үйді әкімдік жөндеп беретін болды

23 Маусым 2024, 15:35
574
Бөлісу:
Астанада өртенген үйді әкімдік жөндеп беретін болды

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек көпқабатты үйдің тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Rixos Khan Shatyr Residences тұрғын үй кешенінің тұрғындарымен кездестім. Өрт салдарын жою бойынша жұмыс комиссиясын құрамыз. Енді сарапшылар техникалық қорытынды бергеннен кейін қасбетті қалпына келтіруге және зардап шеккен пәтерлерді жөндеуге кірісеміз», — деп жазды Жеңіс Қасымбек Facebookпарақшасында.

Одан бөлек, елорда әкімі өрттің себебін қаланың төтенше жағдайлар департаменті анықтайтынын мәлім етті.

 

Өзгелердің жаңалығы