Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ведомствоның апта сайынғы брифингін өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
14 мамырда Астана қаласында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаевтың төрағалығымен “Орталық Азия-Жапония” диалогының аға лауазымды тұлғаларының кезекті отырысы өтеді. Іс-шараға Орталық Азия елдері мен Жапония сыртқы саяси ведомстволарының тұлғалары қатысады, - деді ол.
Кездесуге қатысушылар биылғы жазда Астанада өтетін “Орталық Азия-Жапония” диалогының алдағы бірінші саммитіне дайындық барысын талқылайды.
Бұл формат 2004 жылы өңірлік ынтымақтастықты дамыту мақсатында құрылған болатын.