Қаланың білім басқармасы соққыға жығылған баланың жағдайы тұрақты екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Астана қаласының Білім басқармасы барлық қажетті іс-шара бекітілген алгоритмге сәйкес жүргізілгенін хабарлайды. Қазір құқық қорғау органдары тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Бұл дерек кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия отырысында қаралады. Зардап шеккен бала сабаққа барады. Жағдайы тұрақты, - деді басқарма.
Әлеуметтік желілерде елордадағы мектептің бірінде оқушы екінші баланы жұдырықпен бірнеше рет ұрған видеосы тарады.
Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі төбелесті бастаған оқушының ата-анасын жауапқа тартатындарын айтты.
Бұл дерек полицияда тіркелді. Баланы тәрбиелеу бойынша өз міндеттерін орындамағаны үшін оқушының ата-анасы жауапқа тартылады. Материалдар сотқа және қалалық әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау комиссиясына жолданды, - деп атап өтті полиция департаменті.