Астанада "Нұр шашу" халықаралық көрмесі ашылды

Көрме 2026 жылғы 11 мамырға дейін жалғасады.

 Мәдениет және ақпарат министрлігі Кеше 2026, 23:27
Кеше 2026, 23:27
106
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Астанадағы HAS SANAT өнер галереясында Қазақстан мен Қырғызстан суретшілерінің «Нұр шашу» атты халықаралық көрмесі ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Экспозицияға Әсел Тілеулен, Сансыз Мирзираимов, Абай Насиридин уулу және Ислам Дооровтың 60-тан астам кескіндеме туындысы қойылған. Көрменің негізгі тақырыбы – адам жанының сәулесі, рухани тазару мен ішкі тереңдік.

Әртүрлі шығармашылық мәнерге қарамастан, суретшілер еңбектерінде жан тыныштығы, үміт пен рухани үйлесім идеялары тоғысқан. Экспозицияда портрет, пейзаж және абстракция элементтері үйлесімді көрініс тапқан.

Көрменің ашылуында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау хаты оқылды. Онда мұндай жобалардың мәдени байланыстарды нығайтып, халықтар арасындағы рухани жақындастықты арттырудағы маңызы атап өтілген.

Көрме 2026 жылғы 11 мамырға дейін жалғасады.

Наверх