Астанада Наурызға орай ауқымды дрон-шоу өтті

Түнгі аспанды жарыққа бөлеген шоу барысында қала тұрғындары мен қонақтары қазақтың ұлттық мұрасын бейнелейтін ерекше композицияларды тамашалады.

 Астана қаласының әкімдігі Кеше 2026, 21:51
Кеше 2026, 21:51
304
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астана қаласындағы «Қазақ елі» алаңында Наурыз мейрамына арналған ауқымды дрон-шоу ұйымдастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Түнгі аспанды жарыққа бөлеген шоу барысында қала тұрғындары мен қонақтары қазақтың ұлттық мұрасын бейнелейтін ерекше композицияларды тамашалады. Аспанда киіз үй, тайқазан, шұбат құйылған тостаған, түйелі керуен және асық бейнелері көрініс тапты. Бұл образдар көшпелі мәдениетті, береке-бірлік пен ұлттық болмысты дәріптейді.

Сондай-ақ көктемнің келуін білдіретін үш өлшемді қызғалдақ, күн мен ай бейнелері көрсетіліп, табиғаттың жаңаруы мен күн мен түннің теңелуі символикалық түрде жеткізілді. Шоудың финалында «Наурыз құтты болсын!» деген жазу пайда болды.

Айта кетейік, 22 наурыз күні елордада мерекелік іс-шаралар жалғасады. Қала алаңдарында ұлттық тағамдар мен қолөнер жәрмеңкелері, шеберлік сағаттары және дәстүрлі рәсімдер өтеді. Сонымен қатар қазақша күрес, садақ ату, гір спорты, қол күресі және асық ату бойынша жарыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздарға сыйлықтар табысталады.

Наверх