Астанада мемлекеттік қолдау шаралары бойынша кеңес беріледі

6 Қараша 2023, 21:49
514
Бөлісу:
Астанада мемлекеттік қолдау шаралары бойынша кеңес беріледі
Фото: Елорда әкімдігі

Астанада «Баршаға мүмкіндік» модульдік пунктерінде тұрғындар мемлекеттік қолдау шаралары бойынша кеңес ала алады, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«JOLTAP» әлеуметтік жобасы мемлекеттік қолдау шаралары, атаулы әлеуметтік көмек, бизнес ашу үшін өтініш беру, оқыту, жұмыс іздеу бойынша кеңес беру мүмкіндігін ұсынады.

Жоба елорда әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылады және тілек білдірушілер үшін қолжетімді.
Жобаға барлығы қатыса алады.

«JOLTAP» жобасының мақсаты – халықтың табысын арттыру үшін мүмкіндіктерді таңдауға көмектесу және жол көрсету.

Консультациялар күн сайын «Баршаға мүмкіндік» модульдік пунктерінде мына мекенжайлар бойынша жүргізіледі:

«Ailand», Қорғалжын тас жолы, 2;
«Magnum» супермаркеті, Еділ көшесі, 26;
«Жастар» сарайы, Республика даңғылы, 34;
«Тұлпар» СО, Ш. Уәлиханов көшесі, 24;
«Euromall» СҮ, Қосшығұлұлы көшесі, 23;
«Встреча» СҮ, Абылай хан даңғылы, 31;
«Mechta» СҮ, Сығанақ көшесі, 3;
«Asia Park» СОО, Қабанбай батыр даңғылы, 21;
«Саянұр» базары, Тілендиев даңғылы, 24/5;
«Big Шанхай» базары, Алаш тас жолы, 32а.

Өзгелердің жаңалығы