Астанада мас жігіт көпірден Есіл өзеніне секіріп кетті

18 Маусым 2023, 14:31
1580
Бөлісу:
Астанада мас жігіт көпірден Есіл өзеніне секіріп кетті
Фото: polisia.kz видеосынан скриншот

Құтқарушылар суға батып кете жаздаған мас адамды аман алып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Polisia.kz мәлім етті.

Еелордада сағат 11:25-те ТЖД Жедел-құтқару жасағының бөлімшесі Есіл өзенінде қайықпен патрульдеу кезінде елордалық құтқарушылар "Серуен" жаяу жүргіншілер көпірінен өзенге секірген адамды құтқарды. 

35-40 жас аралығындағы ер адам мас күйінде суға батып кете жаздаған. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 364-бабының 1-бөлігіне (тыйым салынған жерлерде шомылу) сәйкес әкімшілік айыппұлға тарту туралы хаттама жасалды, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы