Астанада Мәңгілік Ел даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысында жөндеу жүргізіледі

12 Шілде 2024, 23:40
383
Бөлісу:
Астанада Мәңгілік Ел даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысында жөндеу жүргізіледі
Фото: gov.kz

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Мәңгілік Ел даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысында орналасқан көлік айрығының жол төсеміне орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елорда әкімдігінің хабарлауы бойынша, қозғалыс осы жылдың 12 шілдесі, сағат 21:00-ден 15 шілдесіне дейінгі аралықта «Марал» көпірінен Д.Қонаев көшесіне қарай ішінара жабылады.

Бұл ретте көлік құралдарының қозғалысы сол жағымен (Д.Қонаев көшесінен «Марал» көпіріне қарай) бір бағытта жүзеге асырылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Өзгелердің жаңалығы