LRT құрылысын алдағы екі жылда аяқтау жоспарланған. Бұл туралы елорда әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Әкім «Хабар 24» арнасына берген сұхбатында қазір жұмылдыру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Сондай-ақ ол LRT-де жүретін болашақ пойыздарға аванстық төлемдер жүргізіліп жатқанын да атап өтті.
2023-2024 жылдар аралығында жоба іске асырылып, келесі жылдың соңына дейін іске қосылуы тиіс деп жоспарланды, - деді елорда әкімі.
Айтуынша, жоба құрылысы былтыр басталып кеткен.
Алғашқы қаржыны Үкімет былтыр берді. Биыл бұл нысанның құрылысы белсенді түрде жүргізілмек, - деді әкім.