Астанада лифт ішінде қалып қойған үш адам құтқарылды

Астанада лифтте қалып кеткен үш адамды құтқарушылар сыртқа аман алып шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 11 Қаңтар 2025, 15:36
11 Қаңтар 2025, 15:36
607

Астанада лифтте қалып кеткен үш адамды құтқарушылар сыртқа аман алып шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Лифт кабинасы тұрғын үй қабаттарының арасында тоқтап қалғандықтан, адамдарды тар тесіктер арқылы эвакуациялауға тура келген.

ТЖМ мәліметінше, Нұра ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде 3 адам, оның ішінде 2 бала лифт ішінде тұрып қалған.

Шақырту орнына келген құтқарушылар лифт есігін лифт кілтінің көмегімен ашып, адамдардың шығуына көмектесті. Олар медициналық көмекті қажет етпеген.

ТЖМ лифте тұрып қалсаңыз төмендегідей ережелерді есте ұстауды ескертеді:

  • өзіңіз алаңдамаңыз және көршілеріңізді тыныштандырыңыз;
  • диспетчерге хабарласыңыз;
  • барлық түймелерді қатарынан баспаңыз;
  • лифт есіктерін өзіңіз ашуға тырыспаңыз;
  • барлық сыртқы байланыс арналарын пайдаланыңыз.
Наверх