Астанада Кувшин жанынан өрт шықты

5 Шілде 2024, 16:25
487
Бөлісу:
Астанада Кувшин жанынан өрт шықты
Фото: BAQ.KZ - архив

Елордада Кувшин мейрамханасы жанындағы жазғы дәмханадан өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт сөндірушілер өртті сағат 16.14-те оқшаулады.

Астана қаласының өрт сөндірушілері Алматы ауданында Б.Момышұлы даңғылы бойындағы Кувшин мейрамханасының жанында жазғы дәмханада өрт шықты. ТЖД күштері өртті сөндіріп жатыр, - делінген хабарламада.

Қазір оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр.

Соңғы мәлімет бойынша, өрт 16.14 оқшауланды. Қазіргі уақытта өрт орнында ТЖД жеке құрамынан 15 адам мен 3 техника жұмыс жүргізіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы