Астанадағы Highvill тұрғын үй кешенінде 22 жастағы жігіттің қайғылы жағдайға ұшырағаны туралы ақпарат тарады. Астана Полиция департаменті оқиға орнынан мәйіттің табылғанын растады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Полицияның мәліметінше, бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.
Қалада 22 жастағы тұрғынның денесі табылуына байланысты тергеу жүргізіліп жатыр. Алдын ала болжам бойынша, марқұм көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін жан-жақты тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, – деп мәлімдеді Полиция департаменті.
Оқиғаның нақты себебі мен басқа да жайттар тергеу барысында анықталады.