7 шілдеде Астанада секіру бойынша ашық қалалық турнир өтеді. Жарыс Елорда күніне орайластырылған, деп хабарлайды BAQ.KZ қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Ең мықты жылқылар мен шабандоздар әртүрлі биіктіктегі 7 маршрутта өз шеберліктерін көрсетеді. Жарыс сағат 10:00-де «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешенінде басталады.
![Астанада конкурдан ашық қалалық турнир өтеді](/userfiles/images/e299aba5dc96110e4fe60e5ad205dd6a_1280x720.jpeg)
Турнирдің жалпы жүлде қоры – 12 миллион теңге. Жарыстарда ең үздік шабандоздар анықталады. Көрермендер үшін кіру тегін.
![Астанада конкурдан ашық қалалық турнир өтеді](/userfiles/images/28e79efaf2b3a149aa5c4e2b12131a21_1280x720.jpeg)
Іс-шара елорда әкімдігінің қолдауымен өтеді және оны Астананың ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлері федерациясы ұйымдастырады.