Астанада көлік картасын сатып алуға арналған RTVM-автоматтар біртіндеп өшіріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ CTS-ке сілтеме жасап.
Астанада көлік картасын сатып алу және толықтыруға арналған RTVM-автоматтар біртіндеп өшірілетін болады.
Компания мәліметінше, RTVM-автоматтарды демонтаждау кезең-кезеңімен жүргізіледі. Барлығы қала бойынша 30 RTVM-автоматы бар.
30 наурызда 6 RTVM-автомат өшіріледі:
* «Северный» СҮ, Қосшығұлұлы көшесі, 9;
* «Сұңқар» СҮ, Республика даңғылы, 26;
* «Орбита» СҮ, Петров көшесі, 1;
* «Магнум» СО, Еділ көшесі, 21;
* Ғабит Мүсiрепов көшесі, 9Б;
* «Магнум» СО, Уәлиханов көшесі, 20.
Айта кетейік, осыған дейін «Аймақ Тау» CҮ орналасқан 2 RTVM-автомат өшірілген.
Қалған RTVM-автоматтар қалыпты жұмыс істеп тұр. Олардың өшірілуі туралы қосымша хабарланады.
Айта кетейік, бүгінде Астана қаласында енгізіліп жатқан жаңа электронды төлем жүйесі көлік картасының теңгерімін қашықтан және лезде толықтыруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ жақында көлік картасын толтырудың жаңа әдісі енгізіледі.