Астанада полиция қызметкерлері есірткі заттарын заңсыз сатты деген күдікпен элиталық клубтың фитнес-жаттықтырушысын ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің төрағасы Данияр Мейірханның айтуынша, ер адамнан мефедронның бір реттік 10 дозасы тәркіленген.
34 жастағы ер адам, келушілердің сеніміне кірген. Тыйым салынған заттар фитнес-клубқа келушілер, яғни оның клиенттері арасында таратылған. Адамдар оған денсаулық, тәртіп пен нәтиже үшін келіп, тәлімгер әрі кәсіби маман ретінде сенім артқан. Алайда, тергеу нұсқасы бойынша, бұл сенім заңсыз мақсаттарда пайдаланылған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ішкі істер министрлігі, азаматтарды сақ болуға шақырады. Спорттық қоспалардың атымен, есірткі таратылуы мүмкін. Күдікті жағдайлар туралы, дереу плицияға хабарлау қажет, – деп атап өтті ол.