Гавай аралдарындағы жанартау маңында күшті жер сілкінісі болды

 istockphoto.com Бүгiн 2026, 20:14
Бүгiн 2026, 20:14
126
Фото: istockphoto.com

Гавай аралдарында магнитудасы 6,0 болатын жер сілкінісі болды. АҚШ Геологиялық қызметінің (USGS) мәліметінше, жерасты дүмпуі 23 мамыр кешінде Үлкен аралдағы Хонаунау-Напупу ауданы маңында тіркелген.

CNBC басылымының жазуынша, жер сілкінісінен кейін мамандар Гавай аралында орналасқан әлемдегі ең белсенді жанартаулардың бірі – Килауэа жанартауының жағдайын тексере бастаған. Бұл жанартау 2024 жылдың желтоқсанынан бері ара-тұра белсенділік танытып келеді.

Бұған дейін Гавай жанартауларын бақылау обсерваториясы Килауэаның кезекті атқылауы 24–27 мамыр аралығында басталуы мүмкін екенін ескерткен болатын.

USGS дерегіне сәйкес, жер сілкінісі тек Үлкен аралда ғана емес, Мауи мен Оаху аралдарында да сезілген. Жер сілкінісінің ошағы шамамен 23 шақырым тереңдікте орналасқан.

Тынық мұхитындағы цунами туралы ескерту орталығы цунами қаупі жоқ екенін хабарлады. Қазіргі уақытта қаза тапқандар мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.

Мамандар жағдайды бақылауда ұстап отыр.

Наверх