Астанада кей көшелерде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Елордада жол жөндеу жұмыстарына байланысты кейбір көшелерде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

 Астана қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы 25 Шілде 2025 2025, 00:32
25 Шілде 2025 2025, 00:32
763
Фото: Астана қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы

Елордада жол жөндеу жұмыстарына байланысты кейбір көшелерде көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Бұл туралы Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

26 шілде мен 6 тамыз аралығында Бейбітшілік көшесінен Республика даңғылына дейінгі учаскеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты аталған бағытта көлік қозғалысы ішінара шектеледі, - делінген хабарламада.

Қозғалыс бір бағытта ғана ұйымдастырылады: алдымен Республика даңғылы бойымен, кейін Бейбітшілік көшесіне қарай жүруге рұқсат етіледі.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан жолдағы кептелістерді болдырмау үшін бағыттарын алдын ала жоспарлауы сұралады.

Наверх