Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Астанада Керей-Жәнібек хандары көшесінің учаскесі жабылады

29 Маусым 2025, 17:18
479
Бөлісу:
 gov.kz
Фото: gov.kz

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Керей-Жәнібек хандары көшесінің Түркістан көшесінен Сауран көшесіне дейін жөндеу жұмысын бастайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осыған байланысты, 30 маусым мен 6 шілде аралығында аталған учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.

Өзгелердің жаңалығы