Астанада Келешек тұйық көшесіндегі учаске жөндеу жұмысына байланысты жабылады

15 Шілде 2024, 01:20
267
Бөлісу:
Астанада Келешек тұйық көшесіндегі учаске жөндеу жұмысына байланысты жабылады
Фото: скрин

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Н.Тілендиев даңғылынан Жаңақоныс көшесіне дейінгі Келешек тұйық көшесіндегі жол төсеміне орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осыған байланысты 15 шілде күні сағат 07:00-ден 16 шілде күні сағат 07:00-ге дейін жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады. Бұл ретте көлік қозғалысы іргелес көшелермен іске асырылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Өзгелердің жаңалығы