Астанада Kaztraffic-2026 халықаралық көрмесі жұмысын бастады

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы мен «ҚАЖсервис» ЖШС де көрмеге белсенді қатысуда.

18 Қараша 2026, 23:27
АВТОР
 Скриншот 18 Қараша 2026, 23:27
18 Қараша 2026, 23:27
60
Фото: Скриншот

18 қарашада Астанада XXII «Kaztraffic-2026» халықаралық мамандандырылған көрмесі ашылды.

Биылғы көрмеге 150-ден астам отандық және шетелдік компания қатысып, жол құрылысы мен инфрақұрылымды дамытуға арналған заманауи техникалар мен озық технологияларды таныстыруда.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы мен «ҚАЖсервис» ЖШС де көрмеге белсенді қатысуда. Олар салалық әріптестермен тәжірибе алмасып, жолдарды күтіп ұстау мен қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға бағытталған жаңа технологияларды талқылауда.

Kaztraffic-2026 көрмесі – тәжірибе алмасуға, жаңа серіктестіктер орнатуға және Қазақстанның жол саласын дамытуға мүмкіндік беретін маңызды алаң.

Наверх