Астана қаласындағы "Барыс" СК" мұзайдынында отандық хоккей тарихындағы алғаш рет ауылдың балалар-жасөспірім командалары арасындағы "SAMRUK BALA CUP" республикалық турнирінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Турнир 4 және 6 ақпан аралығында өтеді. Жарысқа елді мекендерде тұратын 300-ден астам спортшы бас қосты.
Ақмола, Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының аудандарынан 24 ұжым тартысқа түседі.