Астанада газ бен ауа қоспасы жарылды

7 Шілде 2024, 21:09
142
Бөлісу:
Астанада газ бен ауа қоспасы жарылды

Елордадағы Есіл ауданының әкімшілік ғимараттарының біріне («Еврокоптер Казахстан инжиниринг» ЖШС) жапсарлас салынған жылу қазандығында газ бен ауа қоспасы жарылды.

Жарылыстан құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. «QazaqGaz Aimaq» акционерлік қоғамы Астанадағы филиалға аталмыш оқиға туралы ешқандай өтінім түспегенін мәлім етті.

Аталған нысанға 2024 жылдың 3 сәуірінде газ тартылған. Газ Қазақстан авиациялық индустрия мекемесіне тиесілі, орташа қысым деңгейі 225 миллиметрлік жеке меншіктегі құбырдан тартылған (QazaqGaz Aimaq ЖШС-іне қатысы жоқ). Қазіргі таңда нысан (оның ішінде жылу қазандығы да) оқиғаның мән-жайы анықталғанша газбен жабдықтау жүйесінен ажыратылды, - деп жазылған ресми мәліметте.

«Газ және газбен жабдықтау» Заңының 19-бабы бойынша газ тұтынатын өнеркәсіп нысандарында өздеріне тиесілі газ жүйесін күтіп ұстайтын персонал болу керек. Не болмаса, газ тұтыну жүйесінің қауіпсіздігіне жауапты тұлға маманданған ұйыммен келісімшарт жасау керек.

«Еврокоптер Казахстан инжиниринг» ЖШС-нің газ тұтыну нысандары келісімшарт бойынша «Болашак Инвест Групп» ЖШС-не техникалық қызмет көрсетеді.

Өзгелердің жаңалығы