Астанада ескі вокзалда қатты жарылыс болды

Бүгiн, 02:17
206
Бөлісу:
Астанада ескі вокзалда қатты жарылыс болды
Фото: "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметі

Астанада ескі вокзал маңында жарылыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Полиция департаментінің Орталық жедел басқармасының мәліметіне сүйенсек, Сарыарқа ауданында Гёте көшесінде жарылыс болған.

Оқиға орнына дереу құтқарушылар келді. Өрт болған жоқ. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға нәтижесінде бір адам жарықшақтан қолынан аздап кесілген. Жедел медициналық жәрдем бригадасы оқиға орнында көмек көрсетті, ауруханаға жатқызу қажеті болмады. Оқиғаның себептері мен мән-жайлары нақтылануда, - деп атап өтті Төтенше жағдайлар министрлігі.

Ал "Қазақстан теміржолы" бөлімшесі кезекшісі 12-ші сұрыптау жолында платформадағы контейнерде жарылыс болғанын айтты..

14 ақпан сағат 00:30-да. Астана станциясының сұрыптау жолында жүк контейнерінде жарылыс орын алды. Алдын ала мәлімет бойынша контейнердегі жүк — электр жабдықтары (трансформаторлар, генераторлар) болған. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Контейнер жеке компанияға тиесілі болып шықты, - делінген хабарламада.

Уәкілетті органдардың қатысуымен тергеу басталды.

Өзгелердің жаңалығы