Астанада Президент Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша меритократия қағидатына сәйкес, Есіл ауданының әкімі тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл лауазымға 42 жастағы Дарменияр Қыдырбекұлы кірісті. Ол 4 жылдан астам уақыт Есіл ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Еңбек жолын 2006 жылы «Мүлһин» Қоры» қоғамдық бірлестігінде бастаған. Әр жылдары қоғамдық және жеке құрылымдарда жұмыс істеді. 29.08.2012 - 06.02.2013 жылдар аралығында «Жетісу ӘКК» ҰК» АҚ (Талдықорған қ.) басқарма төрағасының орынбасары лауазымын атқарды. 07.02.2013 -18.03.2013 жылдар аралығында Талғар ауданы (Алматы облысы, Талғар қаласы) әкімінің көмекшісі болып жұмыс істеді.
18.03.2013 - 15.11.2019 жылдар аралығында Талғар ауданы әкімінің орынбасары (Алматы облысы, Талғар қаласы) болды. 2019 жылғы 19 қарашадан бастап – Астана қаласы Есіл ауданы әкімінің орынбасары. Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Астана әкімі Жеңіс Қасымбек аудан мен елді мекендерді дамыту бойынша бірқатар міндеттер жүктеді.