Астанада еркін күрестен өткен турнирдің жеңімпаздары анықталды

6 Қараша 2023, 18:10
520
Бөлісу:
Астанада еркін күрестен өткен турнирдің жеңімпаздары анықталды
PHOTO
Фото: Елорда әкімдігі

Астанада грек-рим күресінен қазақтан шыққан тұңғыш әлем және олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында даңқты палуанды еске алуға арналған еркін күрестен республикалық турнир аяқталды,деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Үш күнге созылған бәсекеде 2012-2014 жылдары туған балалар мен 2009-2011 жылдары туған кіші жасөспірімдер 18 салмақта сынға түсті.

Астанада еркін күрестен өткен турнирдің жеңімпаздары анықталды

Бозкілем шеберлерінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев, қалалық спорт басқармасына қарасты №7 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы Серік Халелов және «Күрес түрлері бойынша Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК директорының міндетін атқарушы Жандос Үшкемпіров қатысты.

Астанада еркін күрестен өткен турнирдің жеңімпаздары анықталды

Ұйымдастырушылардың айтуынша жарыстың мақсаты – елімізде еркін күресті дамыту және танымал ету, жас спортшылар арасында әр салмақта мықты палуандарды анықтау сондай-ақ, спорт шеберліктерін арттыру.

Айта кетейік, даңқты палуанды еске алуға арналған еркін күрестен республикалық турнир Қазақстанның бас шаһарында биыл төртінші мәрте өткізілді.
Оған еліміздің барлық өңірінен бас-аяғы 600-ден аса жас өрен бақ сынады.

Астанада еркін күрестен өткен турнирдің жеңімпаздары анықталды

Айтулы жарыста оза шапқан үздіктер арнайы диплом, медальдармен марапатталды.

Айта кетейік, Республикалық турнир Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен және ҚР Туризм және Cпорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің, Астана қаласының әкімдігінің, ҚР грек-рим, еркін және әйелдер күрес федерациясының қолдауымен ұйымдастырылды.

Өзгелердің жаңалығы